Елбасы жаңа «Түркістан-Арена» стадионына барды

Түркістан қаласы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қолдауымен салынған жаңа спорт нысанын аралап көрді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш президентінің ресми сайты жариялады. Стадионның трибуналары жеті мың көрерменге арналған. Ашық аренаның батыс және шығыс трибунасы бар. Сонымен қатар спорттық ғимаратта акробатика, бокс және ауыр атлетика жаттығу залдары орналасқан.